Filtrar por gênero

Азаттық толқынында

Азаттық толқынында

Азаттық радиосы

"Азаттық толқынында" аудиоподасында апта сайын Азаттықтың тарихына саяхат жасаймыз. Қазақстан да және әлемде осы аралықта болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдаймыз.

98 - "Бұл әлі істің басы". Азаттық бастауындағы үміт пен үгіт
0:00 / 0:00
1x
  • 98 - "Бұл әлі істің басы". Азаттық бастауындағы үміт пен үгіт

    "Азаттық толқынында" подкасында 30 жыл бұрынғы хабарға шолу жасалады. 1953 жылғы 18 наурызда Азаттық радиосында Орталық Азия тілдерінде хабар тарататын Түркістан бөлімі жұмысын бастаған.

    Sat, 15 Mar 2025 - 31min
  • 97 - Халифа Алтай көрген еркіндік пен қысым

    Азаттықтың деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында Халифа Алтайдың Кёльндегі қазақ диаспорасы қоғамы және Қазақстандағы діни ахуал туралы жазбаларына шолу жасаймыз.

    Sat, 08 Mar 2025 - 19min
  • 96 - Даулы оқиғадағы Дулат Исабеков

    "Азаттық толқынында" подкасында жазушы, драматург Дулат Исабековтің азаматтық келбеті сипатталады. Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған кезде онымен оңаша кездескеннен кейін жазушы Азаттыққа берген жедел сұхбатында не айтты?

    Sat, 01 Mar 2025 - 27min
  • 95 - Кітабын компартия турап құртқан Шора Сарыбаев

    "Азаттық толқынында" подкасында зерттеу кітабы баспадан шыға салып жойылған тілші ғалым Шора Сарыбаев жайында айтылады. Ғалым 1994 жылы Түркияда Азаттық радиосына сұхбат берген.

    Sat, 22 Feb 2025 - 22min
  • 94 - Камал Ормантаев: теңсіздікке төзбеу саясатқа әкелді

    Азаттық радиосының деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында бала дәрігері, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаевтың қоғамдағы қызметі мен саяси белсенділігі жайында айтылады. Ол 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

    Sat, 15 Feb 2025 - 21min
Mostrar mais episódios

Podcasts semelhantes a Азаттық толқынында