Podcasts by Category
- 98 - "Бұл әлі істің басы". Азаттық бастауындағы үміт пен үгіт
"Азаттық толқынында" подкасында 30 жыл бұрынғы хабарға шолу жасалады. 1953 жылғы 18 наурызда Азаттық радиосында Орталық Азия тілдерінде хабар тарататын Түркістан бөлімі жұмысын бастаған.
Sat, 15 Mar 2025 - 31min - 97 - Халифа Алтай көрген еркіндік пен қысым
Азаттықтың деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында Халифа Алтайдың Кёльндегі қазақ диаспорасы қоғамы және Қазақстандағы діни ахуал туралы жазбаларына шолу жасаймыз.
Sat, 08 Mar 2025 - 19min - 96 - Даулы оқиғадағы Дулат Исабеков
"Азаттық толқынында" подкасында жазушы, драматург Дулат Исабековтің азаматтық келбеті сипатталады. Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған кезде онымен оңаша кездескеннен кейін жазушы Азаттыққа берген жедел сұхбатында не айтты?
Sat, 01 Mar 2025 - 27min - 95 - Кітабын компартия турап құртқан Шора Сарыбаев
"Азаттық толқынында" подкасында зерттеу кітабы баспадан шыға салып жойылған тілші ғалым Шора Сарыбаев жайында айтылады. Ғалым 1994 жылы Түркияда Азаттық радиосына сұхбат берген.
Sat, 22 Feb 2025 - 22min - 94 - Камал Ормантаев: теңсіздікке төзбеу саясатқа әкелді
Азаттық радиосының деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында бала дәрігері, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаевтың қоғамдағы қызметі мен саяси белсенділігі жайында айтылады. Ол 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Sat, 15 Feb 2025 - 21min - 93 - Тәуелсіздікке санаулы ай қалғанда. "Тіліміз азат болғанымен, қол-аяғымыз байлаулы"
Азаттықтың деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында діни ұйымдар басшыларының 1991 жылғы Германияға сапары туралы айтылады.
Sat, 08 Feb 2025 - 28min - 92 - Тәуелсіздіктен кейінгі тұңғыш сайлау
"Азаттық толқынында" подкасында Камал Ормантаевтың Халықтық-демократиялық партия төрағасы кезінде радиоға берген сұхбатын талдап, Конституциялық сот таратқан он үшінші Жоғары кеңестің сайлауы алдындағы ахуал жайлы баяндаймыз.
Sat, 01 Feb 2025 - 25min - 91 - Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция қалай қабылданды?
1993 жылғы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы Конституциясын қабылдады. Негізгі заң жобасы жарты жылдан аса талқыланды. Азаттық радиосы жобадағы негізгі мәселелер туралы репортаждар әзірлеген. "Азаттық толқынында" подкасында осы жайлы баяндаймыз.
Sat, 25 Jan 2025 - 46min - 90 - Мұхтар Мағауин мұрасы. "Қазақ тарихының әліппесі" және тарихшы
Азаттықтың маңызды хабарларына арналған шолуда жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" кітабы, "Қан төгілді!.." мақаласы және Шәкерім мұрасы жайлы айтамыз. "Әліппе" туралы тарихшы Берекет Кәрібаев не дейді?
Sat, 18 Jan 2025 - 30min - 89 - Желтоқсан оқиғасы туралы поэма қалай жазылды?
"Азаттық толқынында" подкасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы "Зобалаң" поэмасы қалай жазылғаны туралы айтамыз. Жұмаш Кенебаевтың осы толғауы 1991 жылы Азаттық эфирінен радиоқойылым түрінде берілген. 2025 жылғы сұхбатында автор шығарманың шығу тарихын баяндады.
Sat, 11 Jan 2025 - 26min - 88 - "Қазақстанға тағы бір диктатор келген сияқты". 1990 жылғы сұхбат
Азаттықтың маңызды хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында бұл жолы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендер жайлы айтамыз. 1990 жылы Аманжол Нәлібаев 1986 жылғы оқиғада зорлық көргендер туралы сөз қозғаған. Ол сұхбатқа режиссер Қалдыбай Әбенов те қатысқан.
Sat, 04 Jan 2025 - 44min - 87 - Желтоқсанды алғаш еске алу. Соттаушылар күтпеген жиын
"Желтоқсан" ұйымы 1989 жылы алғаш рет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу жиынын өткізді. Оның қалай өткені, зиялы қауым қалай қабылдағаны, жиынға қатысқан совет билігі өкілдерінің хикаясы жайлы подкасымызды тыңдаңыз.
Sat, 28 Dec 2024 - 33min - 86 - "Желтоқсан" осылай құрылды. 35 жыл бұрынғы бейресми ұйым
"Желтоқсан" бірлестігіне биыл 35 жыл толды. Ұйымды алғаш құрған Қалдыбай Әбенов, Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев сол кезде Азаттық радиосына сұхбат берген. Ұйым белсендісі Ерлан Декелбаев сол кездегі оқиғалар туралы айтып берді.
Sat, 21 Dec 2024 - 38min - 85 - Тәуелсіздіктен 2 ай бұрын. Әбдуәли Қайдардың сұхбаты
1991 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында этнолингвист ғалым Әбдуәли Қайдар елдегі саяси өмір, тіл мәселесі және латын жазуы туралы ой бөліскен. Зиялы қауым өкілі қоғамдағы өзгерістерге қандай баға берген еді?
Sat, 14 Dec 2024 - 38min - 84 - Дос Көшім көрген "демократия декорациясы"Sat, 07 Dec 2024 - 33min
- 83 - Әнші Әмина Нұғыманова қалай қоғам белсендісіне айналды?
Мұсылман әйелдер одағын құрған әнші Әмина Нұғыманова 1990 жылы Азаттыққа сұхбат берген. Көзкөргендерден 34 жылдан кейін Әмина Нұғыманованың өнер жолы мен қоғамдық белсенділігі жайлы сұрадық.
Sat, 30 Nov 2024 - 42min - 82 - Диссидент қалай бағаланар? "Жат елдегі" құрбандар
Диссидент Қарыс Қанатбай жайлы пьесаға Азаттық 1983 жылы шолу жасаған. Советтік пропагандаға құрылған шығарманы ел тәуелсіздігінен кейін де ақтауға тырысатындар бар. Туындыны сахналаған режиссер сол кездегі жүйені дәріптегенін мойындап, драма дерегіне басқаша қарайды.
Sat, 23 Nov 2024 - 33min - 81 - Егемендік эйфориясы. Журналистер де Назарбаевты қолдап кетті
Советтік Қазақстандағы соңғы журналистер құрылтайында президент лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлауды қолдаған үндеу қабылданды. Жиын кезіндегі қоғамдық ахуал қандай еді? Сол құрылтайға қатысқан Қайнар Олжайдың бүгінгі көзқарасы қандай?
Sat, 16 Nov 2024 - 29min - 80 - Қуғыннан көз ашпаған "Алаш" партиясы
1990 жылы Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Совет үкіметі тіркеуден бас тартқан "Алаш" партиясының мүшелері Азаттыққа берген сұхбатында өз тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады.
Sat, 09 Nov 2024 - 36min - 79 - "Қазақстан тәуелсіз болуы керек!". "Алаш" партиясының талабы
1990 жылғы 15 қазанда Қазақ ССР парламенті алдында аштық жариялаған "Алаш" партиясы белсенділері Азаттықа берген сұхбатта жаңарған одақтық шартқа қарсы болып, билікті тәуелсіздік алуға үндегенін және егемендік декларациясын неге құптамайтынын айтқан.
Sat, 02 Nov 2024 - 27min - 78 - Назарбаевқа керек заң тәуелсіздік жариялардан екі ай бұрын қабылданды
1991 жылғы 16 қазанда "Қазақ ССР президентін сайлау туралы" заң қабылданды. Билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға жалғыз кандидат болып тіркелді және биліктің кей тармағының басшысын ауыстырды. Қызу айтыс-тартыс тудырған заң қалай қабылданған еді?
Sat, 26 Oct 2024 - 40min - 77 - Компартия мен демократия. Жолайрықтағы Жәнібеков
1990 жылы билік басылымында жарияланған Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің мақаласына Азаттық радиосы шолу жасаған. Онда не айтылған еді?
Sat, 19 Oct 2024 - 20min - 76 - Горбачев пен Назарбаевқа хат. Алашорданың мүлкі қайда?
1990 жылы қазақстандық бірнеше қоғам белсендісі совет үкіметінен Алашорданың мүлік-мүкәмалын қайтаруды талап етіп, Мәскеу мен Қазақстандағы компартия басшылығына хат жазған. Оған қол қойғандардың бірі – "Азат" қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай Азаттыққа сұхбат берген еді.
Sat, 12 Oct 2024 - 25min - 75 - 1990 жылы Алматыдағы "баспанасыздар бүлігі" немен аяқталды?
1990 жылы Алматыдағы баспанасыздар бас көтеруіне қатысқан Әуезхан Шашаев кейін 9 шаршы метрлік жатақханаға қол жеткізген. Үй басып алғандар бастан кешкен қиындықтары жайында айтады. Әуезхан осы қозғалыстың соңы немен аяқталғанын әңгімелеп берді.
Sat, 05 Oct 2024 - 30min - 74 - Баспанасыздардың бас көтеруі. Бос тұрған үйлерді басып алғандар туралы репортаж
Совет одағының соңғы жылында Алматыда бас көтерген баспанасыздар өз талап-мұңы мен биліктің зомбылығы жайында айтады. 1990 жылы күзде бос тұрған жатақхана мен есептен шыққан үйлерді басып алған соң милиция оларға аяусыз күш қолданып, қуып шыққан.
Sat, 28 Sep 2024 - 22min - 73 - Жәнібеков айыптаған, Нұрқаділов алаңдаған "митингілік демократия"
Белсенділер Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттыққа берген сұхбатында қоғамдық ұйымдар жұмысын талқылаған. Сол кездегі шенеуніктер Өзбекәлі Жәнібековтің баяндамасы мен Заманбек Нұрқаділовтің мақаласында бұл жайлы не айтылған?
Sat, 21 Sep 2024 - 36min - 72 - Билік алғашқы қоғамдық ұйымдарды қалай қысымға алды?
Бұл – "Азаттық-70" подкасының жалғасы "Азаттық толқынында". Мұнда Азаттық эфирінде әр жылдары берілген, радио қорында сақталған маңызды хабарларға, айтулы оқиғаларға шолу жасалады. Бірінші эпизодта Қазақстан тәуелсіздігіне бір жыл қалғандағы қоғам өмірі баяндалған сұхбатқа шолу жасаймыз.
Sat, 14 Sep 2024 - 31min - 71 - Азаттық радиосына алғыс айтылған кеш. Алматы бюросы қалай ашылды?
1993 жылы Азаттық радиосына 40 жыл толған кезде радионың Алматы бюросы ашылды. Бүгінгі хабарда осы жөнінде айтып, "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасын осы эпизодпен аяқтамақпыз. Подкаст алдағы уақытта басқа атаумен одан әрі жалғасады.
Sat, 03 Aug 2024 - 37min - 70 - "Совет кезінде Қазақстан шикізаты нарық құнымен бағаланбады"
1967 жылы Парижде шыққан кітапта СССР экономикасы талданып, ондағы Қазақстанның орны туралы жазылды. Совет экономикасына шолу жасаған тағы бір хабарында Азаттық одақтың астық импортына тәуелді екенін айтқан. Бүгінгі экономистер не дейді?
Sat, 27 Jul 2024 - 18min - 69 - Шаңырақ оқиғасы. Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы қақтығыс
Заңсыз берілген жер, заңсыз құрылыстан соң мәселені мәмілемен шешу талпынысы нәтиже бермеді. Бұл – наразылыққа, наразылық қақтығысқа ұласты. Ақырында бір полицейдің өлімімен аяқталған оқиға ел тәуелсіздігінен кейінгі алғашқы қақтығыс ретінде белгілі. Билік мәселені күшпен шешпек болды. Даулы жер телімдері кейін заңдастырылды. Бұл жайлы сол кезде Азаттықтың Алматы бюросын басқарған Кенжебек Нұрқасенұлы және оқиға ортасынан хабар таратқан Талғат Дүйсенбек әңгімелейді.
Sat, 20 Jul 2024 - 36min - 68 - АҚШ ғалымының қазақтар туралы "буржуазиялық еңбегі"
Қуғын-сүргін тұсында Алматыға келіп қайтқан америкалық ғалым Альфред Хадсонның еңбегіне Азаттық 1972 жылы шолу жасаған. Медиа-зерттеуші Рахима Нұриден мен тарихшы Мақсат Алпысбес монографияның маңызы жайында айтады.
Sat, 06 Jul 2024 - 25min - 67 - Қудалаудан ақтауға дейін. Мағжан ақынның бір ғасыры
31 жыл бұрын қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілген еді? Мағжанның сол кезде көзі тірі туыстарының естеліктері, ақын поэмасы желісімен түсірілген "Батыр Баян" фильмінің әсері – осы подкаста толығырақ айтылады.
Sat, 29 Jun 2024 - 25min - 66 - Мұстафаның үндеуі қазақ баспасөзіне қалай жетті?
Совет режиміне қарсы ашық күрескен қайраткер Мұстафа Шоқайдың үндеуі 55 жылдан соң алғаш ресми БАҚ – Қазақ радиосынан берілгені сенсация болды. Бұл жайында Қазақ радиосында істеген Иманбай Жұбай әңгімелейді. Қайраткер туралы Ресейдегі құжатта не айтылған, Түркістан бірлігі идеясының бүгінгі сарыны қандай?
Sat, 22 Jun 2024 - 23min - 65 - "Сол кеткеннен жоқ..." Мұстафа Шоқай туыстарының тағдыры
Мұстафа Шоқайдың 1936 жылы Еуропада Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзі Азаттық радиосынан кейін, 1991 жылы Қазақ радиосынан алғаш рет беріледі. Сол кезде Азаттық Қазақ радиосының "Ұшқын" жастар бағдарламасын әзірлеуші Иманбай Жұбайдан және қайраткердің жиені Серікбай Шермаханнан сұхбат алған. 33 жылдан соң Серікбай Шермаханға тағы хабарластық.
Sat, 15 Jun 2024 - 23min - 64 - Азаттық эфирінен басталған "Қазақ тарихының әліппесі"
Азаттық эфиріндегі жазушы Мұхтар Мағауиннің дәрісі қалай кітапқа айналды? Сол тізбекті хабардың бірінде жазушы ноғай халқы туралы әңгімелейді. Ал ноғай белсендісі қазақстандық басылымға жазған хатында өз алаңдауын жеткізеді.
Sat, 08 Jun 2024 - 25min - 63 - 31 мамыр. "Жарты халқымызды жоқтау"
31 мамырды қалай атап өткен жөн? 1992 жылы жазушы Смағұл Елубай неге ашық хат жазды? Қазір өзі не дейді? Қуғын-сүргін құрбаны, саяси диссидент Арон Атабек ат салысқан "Арыс" қоры бүгінде неге қол жеткізді?
Sat, 01 Jun 2024 - 32min - 62 - Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары Мәскеуден басталды
1992 жылы мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу арқылы Вашингтонға алғаш ресми сапармен барып қайтты. "Шеврон" компаниясымен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартудың алғашқы шарттары айқындалды. Қазақстан мен Американың арасы кейін неге суыды? Ол туралы бір кездегі сыртқы істер министрі, қазіргі президент не дейді?
Sat, 25 May 2024 - 58min - 61 - Қытай мен Түркия арасындағы қазақ эмиграциясы
Дәлелхан Жаналтай мен Қажығұмар Шабданұлының тағдыры – қазақ эмиграциясындағы ерекшелік мысалы. Бірі Шығыс Түркістандағы коммунистер қысымын әшкерелеу үшін күресті, азаппен Түркияға жетті. Бірі Қазақстандағы Ашаршылықтан бас сауғалап барып, Шыңжаңда қалды. Кейін 40 жылдан аса Қытай түрмесінде отырды. Өле-өлгенше қатаң бақылауда болды.
Sat, 18 May 2024 - 34min - 60 - Азапты көш. Гималай асқан қазақтар
Шығыс Түркістан қазақтарының Такла - Макан, Гоби, Тибет, Үндістан, Кашмир асып, Парсы шығанағымен Түркияға ауып барғанына 75 жылдан асты. Азаттық радиосы 1989 жылы осы үркін кезіндегі Қалибек көшінің 40 жылдығына орай тізбекті хабарлар әзірлеп, трагедияға толы күндер куәларын сөйлеткен.
Sat, 11 May 2024 - 53min - 59 - Сотта да "батыр" аталған күрескер Оспан. Хасен һәм Жағданың айтқаны
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, коммунистерге қарсы күрескен Оспан батыр Сіләмұлы 1951 жылы сәуірдің аяғында Үрімжіде көп алдында атылды. Оны көзі көрген Хасен Оралтай мен батырды тергеген Жағда Бабалықұлы Азаттыққа берген сұхбатында өздері куә болған оқиғаларды баяндайды.
Sat, 04 May 2024 - 49min - 58 - "Демократиядан шегіну". Назарбаев өкілетін созу қалай ерте сайлауға ұласты?
Қазақстанды ұзақ билеген Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1990 жылғы 24 сәуірде президент атанды. 2011 жылы көтерілген референдум бастамасын оппозиция "сапалы дамудан үміт үзу" деп бағаласа, Батыс "Назарбаевтың тарихи еңбегін жоққа шығаратын" қадам деп атады.
Sat, 27 Apr 2024 - 38min - 57 - "Алаш маршының" Ескендір Хасанғалиев шырқаған нұсқасы
20 сәуір – Алаш шәһидтерінің күні. Азаттық радиосы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін осы күні арнайы бағдарлама әзірлейтін. Бұл хабарымызда Азаттық радиосы материалдары жинақталған қордан табылған Әмина Нұғыманова және Ескендір Хасанғалиев орындаған Алашорда әскері маршы жөнінде айтамыз.
Sat, 20 Apr 2024 - 40min - 56 - Су шаруашылығы. Қызылағаш апаты әсер етпеген сала
2010 жылғы Қызылағаш апатынан кейінгі су тасқыны, одан зардап шеккендер мен олардың проблемалары Азаттықта қалай қамтылды? Елде су апаты жыл сайын неге қайталана береді? Бұдан қандай қорытынды түюге болады? Осы және өзге сұрақтарға инженер-гидротехник Әмірхан Кеншімов жауап береді.
Sat, 13 Apr 2024 - 35min - 55 - Зорлық, жанжал, қыз алып қашу. Тоқтамы қандай?
Қоғам қайраткері Хасен Оралтай 2001 жылы Азаттыққа сұхбатында әйелдің қоғамдағы орны және көп әйел алу туралы ойларын ортаға салған. Елде 2010 жылы тұрмыстық зорлықтан орта есеппен жылына 500 адам қаза табатыны есептелген.
Sat, 06 Apr 2024 - 19min - 54 - Нариман Қыпшақбаев: Аралды құтқару Көкарал бөгенімен бітпейді
Әлемдегі төртінші көл деген даңқы дақпыртқа айналған Аралды сақтаудың жолы қандай? Сібір өзендерін Аралға неге бұрмады, жерасты суын неге пайдаланбады? Азаттық хабарларынан туындаған сұрақтарға бұрынғы су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев жауап береді.
Sat, 30 Mar 2024 - 40min - 53 - Ұлыстың ұлы күні демократия лебімен жанданды
Сталин кезінде тыйым салынған Наурыз мерекесі Совет одағы ыдырар қарсаңда жаппай тойлана бастады. Азаттық радиосы бұдан 55 жыл және 35 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күні жайлы хабарларында не нәрсеге назар аударған? Бұл туралы Наурыз мерекесін зерттеуші Серік Ерғали не дейді?
Sat, 23 Mar 2024 - 21min - 52 - Семей полигоны жабыларда суицид саны артқан
Семей сынақ полигоны маңындағы халық арасында бейдауа дерт пен мезгілсіз өлім жиі болатыны жөнінде Азаттықта кейбір деректер сақталған. Оны жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі құжаттарымен салыстырып көрдік. Алғашқы және соңғы ядролық сынақ кезінде дерт пен диагноз қалай өзгерген? Деректер не дейді?
Sat, 16 Mar 2024 - 26min - 51 - Мәскеудің қаулысы, Назарбаевтың жарлығы. Семей полигонын жапқан кім?
Қазақстанда алғашында Нобель сыйлығына Нұрсұлтан Назарбаев емес, "Невада – Семей" қозғалысы ұсынылған. Биыл қозғалыстың құрылғанына 35 жыл толды. 35 жылда Семей полигоны маңындағы адамдардың өмірі аса өзгермеді. Нобель сыйлығына ұсынылды деген қозғалыстың қоғамдағы орыны қандай болды?
Sat, 09 Mar 2024 - 32min - 50 - БҰҰ-ға мүше Қазақстан. 30 жылдан кейін де өзекті тіл мәселесі
1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Ұйымға мүше мемлекет саны 168-ге жетті. Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова бұл жөнінде не жазған? Ел тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы қоғамға қандай әсер қалдырды? Бұл туралы Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында айтқан.
Sat, 02 Mar 2024 - 25min - 49 - Совет-ауған соғысы кезіндегі Герат қазақтары
45 жылдай бұрын Ауғанстанға совет әскерінің "шектеулі" контингенті енгізілуі оған қарсы соғыстың тұтануына себеп болды. 10 жылдан соң Совет әскері шығарылғанда Ауғанстанда азамат соғысы басталды. Бұл туралы ауғандықтар не дейді, ауған қазақтары белсендісінің пікірі қандай? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады.
Sat, 24 Feb 2024 - 35min - 48 - Ауған соғысындағы советтік "мұсылман ротасы"
2024 жылғы 15 ақпанда Ауғанстаннан совет әскері шығарылғанына 35 жыл толды. Азаттық радиосы соғыс кезінде осы елде адам құқығы аяқасты болып, елдегі жағдайдың шиеленіскенін хабарлап отырған. Сонда туындаған сұрақтарға бүгінгі эпизодта, ауған соғысына қатысқан тарихшы Болат Сайлан жауап береді.
Sat, 17 Feb 2024 - 36min - 47 - Тәуелсіздіктен кейін Назарбаев Азаттыққа сұхбатында не деді?
Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланғаннан соң ресми баспасөзден бұрын Азаттық радиосы мен басқа да бірқатар шетелдік басылымға сұхбат берді. Ол Азаттыққа, кейін ресми басылымға берген сұхбаттарында не айтты? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бұл эпизодында осы туралы айтамыз.
Sat, 10 Feb 2024 - 20min - 46 - 100 жыл бұрын. Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы
Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайын Азаттық қызметкері Дәулет Тағыберлі 1957 жылы тағы да еске салды. Бүгінгі тіл біліміне негіз қалаған алқалы жиында не қаралды? Оның күн тәртібіне Әлихан Бөкейханов төтеннен енгізген мәселе қандай? Мұны Азаттыққа академик Шерубай Құрманбайұлы түсіндіріп берді.
Sat, 03 Feb 2024 - 24min - 45 - Алашорда үшін айыпталған әкелі-балалы Тынышбаевтар
1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. Әкесі үшін сотталған Ескендір Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор. Ол өмірінің соңына қарай Азаттық радиосына сұхбат берген. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы сұхбатқа шолу жасалады.
Sat, 27 Jan 2024 - 40min - 44 - Сәбилерді жолда қалдырған. Қармақшыдан Гератқа ауған қазақтар
40 жылдай бұрын Халифа Алтайдың Азаттықтағы мақаласында Ауғанстан қазақтарының тарихы айтылады. Содан туындаған сұрақтарға орай Гератта туып өскен, қазір Данияда тұратын Қажи Акбар Аюбимен сұхбаттастық. Сұхбат Халифа Алтай ұсынған деректерді толықтырып, растай түседі.
Sat, 20 Jan 2024 - 47min - 43 - Мәскеу тентіреткен қазақ әйелі. Ғасырдан асқан жылнама ғұмыр
2021 жылы жасы 105-тен асқанда Америкада қайтыс болған Әсия Сардарбекқызы бала кезінде советтік Қазақстаннан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Совет-ауған соғысы кезінде ол Еуропаға, сосын Америкаға эмиграцияға кетті. Азаттық редакторы Дархан Өмірбек "Ауған апа" атанған Әсиямен 2018 жылы қалай кездескенін еске алады. Әсия Сардарбекқызы кім, оның ғұмыры неліктен назар аудартады?
Sat, 13 Jan 2024 - 33min - 42 - Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкені
Екі жыл бұрын дәл осы күндері Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді?
Sat, 06 Jan 2024 - 59min - 41 - Ауғанстанға кеткен қазақ әйелінің тағдыры және бүгінгі диаспора
Бала кезінде Қазақстаннан кеткен Әсия Салдарбекқызы совет-ауған соғысында тағы да көшуге мәжбүр болды. Ол басынан кешкендерін бұрын Азаттыққа әңгімелеп берген. Ауған қазақтарының қазіргі жағдайы қалай? Бұл туралы жақында Ауғанстаннан келген шығыстанушы Жомарт Жеңісұлымен сұхбатта айтамыз.
Sat, 30 Dec 2023 - 32min - 40 - Таалайбек Ылайтегін. Желтоқсанда шеруді басуға қатысқаны үшін берілген марапаттан бас тартқан адам
1986 жылы Желтоқсан оқиғасын басып-жаншуға қатысып, кейін сол үшін берілген марапаттан бас тартқан Таалайбек Ылайтегін осы оқиға кезінде екіұдай күйге түскенін айтады. Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына "Алаңға әскер енгізгендерді жазалау керек" деп арылу хатын жазған ол оқиғадан 37 жыл өткенде Азаттық радиосына сұхбат берді.
Sat, 23 Dec 2023 - 21min - 39 - Қан төгілген Жаңаөзен. Эфир сыртындағы сөз
Атылған оқтың дауысы. Мәйітханадағы шашылған дене. Шетпедегі жоқтау. 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда Азаттық негізінен Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты. Қантөгіс орнына кешігіп жеткен Азаттық тілшілері талай қиындықты бастан кешті. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осы туралы.
Sat, 16 Dec 2023 - 35min - 38 - "Лениннен жиіркендім". Совет кезінде Махмет Құлмағамбетті қалай қаралады?Sat, 09 Dec 2023 - 17min
- 37 - Советті әшкерелеген диссидент қазақ. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбатыSat, 02 Dec 2023 - 38min
- 36 - Елеусіз тарих. Азаттық 40 жылдан аса қазақша латын әліпбиін қолданды
Азаттық радиосы ондаған жыл латын әліпбиімен жазды. Советтік Қазақстанды көрген адамдар "қадімше" латын әліпбиін пайдаланды. Кейінгі толқын латынның түркиялық нұсқасын жаңаша жазу ретінде қабылдады. Бұрын радиода қызмет атқарған, қазір Түркияда тұратын тарихшы Әбдіуақап Қара Азаттықтың латын тәжірибесі жайлы айтады.
Sat, 25 Nov 2023 - 18min - 35 - Түркі әліппесі. "Латынға көшпеген Қазақстан мен Қырғызстан қалды"
Ортақ түрік алфавиті, латын әліппесі туралы бір ғасырға жуық айтылып келеді. Кейінгі кезде саяси мінбеден де естіле бастады. Бірақ не өзгерді, не шешілді? Не кедергі? 46 жыл бұрын жарық көрген түркі әліппесіне арналған кітап туралы Азаттық қандай хабар таратты? "Азаттық радиосына 70 жыл" аудиоподкасында осы жөнінде айтамыз.
Sat, 18 Nov 2023 - 22min - 34 - Тұрар Рысқұлов пен Түркістанның түбіне өз партиясы жетті
Түркістанның мұсылман коммунистері деген кімдер? Батыста олар туралы не деген? Тұрар Рысқұловтың Түркі компартиясы мен Түркі республикасын құру идеясын тұншықтырған совет компартиясының әрекеттері жайлы "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында айтылады.
Sat, 11 Nov 2023 - 23min - 33 - Түркістан одағына жете алмаған Орталық Азия
Назарбаевтың мәлімдемесі Түркістан конфедерациясы мәселесінің көтерілуіне себеп болды ма? Мұндай ықпалдасудан қоғам не күтті, билік не істеді? Демократиялық күштердің ұстанымы қандай еді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизоды осыған арналады
Sat, 04 Nov 2023 - 23min - 32 - Орны толмаған мал, тоналған мұнай. Дербестіктің ақсақ қадамы
1990 жылы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданатын кезде Қазақстандағы шаруашылық қалай өрістеді? Жаңа одақ шарты әзірленгенде Қазақстан Мәскеумен қатынаста нені ескеруі керек? Азаттық радиосы шолу хабарларында совет кезінде мұнайшы мен малшыға жеткілікті жағдай жасалмағанын сынайды.
Sat, 28 Oct 2023 - 22min - 31 - Сәбетқазы Ақатай – Назарбаевқа сенімнің құрбаны
"Азат" азаматтық қозғалысы ұлттық-демократиялық бағытта Алашордадан кейінгі ірі саяси ұйым аталады. Қозғалыстың негізін қалағандардың бірі Сәбетқазы Ақатай оның ыдырауына да себепші болды ма? Оппозицияда болған ол билікті неге қолдады? Назарбаевқа неге сенді? Биылғы күзде Сәбетқазы Ақатайдың туғанына 85 жыл толса, дүниеден өткеніне 20 жыл болды. Азаттық радиосы хабарларындағы саясаткердің бейнесіне шолу.
Sat, 21 Oct 2023 - 36min - 30 - КГБ-ға хат. Жазушылар одағы Мағжанның ақталуына неге қарсы болды?
Совет билігі кезінде қайта-қайта сотталған Мағжан Жұмабаев неге басқалардан кеш ақталды? Туыстары қалай қудаланды? Мағжанның көзін көрген туысы не дейді? Ал Мағжанды 1950 жылдары Қиыр Шығыста көрдім деген адам не дәлелдегісі келді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының осы эпизодынан тыңдаңыз.
Sat, 14 Oct 2023 - 31min - 29 - Қарасартов қарсы. Ақталған Шәкерім мұрасын жариялаудағы кедергі
1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз атып өлтірген Шәкерім Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталды. Бірақ тағы 30 жыл бойы оның аты-жөнін айтқызбай, шығармаларын жариялатқызбады. Азаттық радиосы 1973 жылы Шәкерім жайлы хабарында ақын шығармалары ел арасында қолжазба түрінде тарайтынын айтқан. Шәкерім мұрасын жариялауға кім қарсы болды? Оның жырлары кітапханадан да қолды болған ба? Аудиоподкасты тыңдаңыз.
Sat, 07 Oct 2023 - 18min - 28 - Атаманның ақыры. Орал оқиғасы ұмытылды ма?
Қазақстан тәуелсіздік алардан тура үш ай бұрын, 1991 жылғы 15 қыркүйекте Оралда болған болған сепаратистік сипаты бар оқиға жайлы бүгінде аз айтылады. Оқиғадан соң оған саяси баға беруді талап еткен акциялар да өткен. Азаттық архивіндегі деректер бұл туралы не дейді? Оқиға кейіпкері мен сол кездегі шенеуніктің бүгінгі көзқарасы қандай? Бұл жолғы хабарда Орал оқиғасының аяғы немен тынғанын баяндаймыз.
Sat, 30 Sep 2023 - 30min - 27 - "Түркістандықтар" Алматыда не талқылады? Азаттық медиафорумы
Алматыда Азаттық радиосының 70 жылдығы құрметіне Азаттық медиафорумы өтті. 70 жылдық деген – жай ілік, ал құрылтай Орталық Азиядағы сөз бостандығы, ой еркіндігі және Ресей пропагандасын талқылауға арналды. Медиафорумда нақты қандай мәселелер қаралды? Бүгін осы туралы айтатын боламыз.
Sat, 23 Sep 2023 - 24min - 26 - Абай күні мерекесіне 55 жыл толғаны ұмыт қалды
1968 жыл. 15 қыркүйек. Осыдан тура 55 жыл бұрын Абай күні тұңғыш рет атап өтілді. Бұл мереке бес күнге созылды. Оқиғаның жеті жастағы куәгері не дейді? Азаттық радиосы сол кезде осы шара туралы қандай хабар таратты? Бүгінгі подкаста осы туралы айтамыз.
Sat, 16 Sep 2023 - 18min - 25 - Азаттықта радио неге жабылды, формат неге өзгерді?
Азаттық радиодан неге бас тартты, қазақ тілімен бірге неге орысша хабар таратты? Азаттық редакциясындағы латын жазуының қолданылуы, Қазақстандағы авторитаризм дәуірінде қысымға ұшыраған Азаттық радиосының жұмысы мен трансформациясы, биліктің қысымы – бұл туралы Азаттық радиосы Қазақ қызметінің бұрынғы директоры Едіге Мағауин айтып берді.
Sat, 09 Sep 2023 - 49min - 24 - "Азаттықтың жұмысы арқылы өз еліңдегі дамуға үлес қосуға болады"
Азаттық радиосының Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі миссиясы мен трансформациясы, саяси өзгерістер мен оппозиция өкілдеріне қастандық кезіндегі радионың күнделікті жұмысы жайлы Азаттық радиосы Қазақ қызметінің алғашқы қазақстандық директоры Мерхат Шәріпжан айтып берді.
Sat, 02 Sep 2023 - 35min - 23 - Эмиграциядағы журналистер. Азаттық радиосының ардагерлері
Совет одағы кезінде, "қырғи-қабақ соғыс" тұсында Азаттық радиосының Қазақ бөлімінде кімдер қызмет атқарды? Радио тарихының әр кезеңі жайлы подкаста баяндаймыз.
Sat, 26 Aug 2023 - 22min - 22 - Азаттыққа қарсы ұйымдасқан пропаганда. Театрға – пьеса, газетке – мақала
Совет одағы мен одан саяси науқан кезінде Азаттық радиосына қарсы үгіт-насихат қандай болды? Азаттыққа қарсы науқанның айырмасы бар ма? "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бұл эпизодында осы туралы айтылады.
Sat, 19 Aug 2023 - 23min - 21 - Тәуелсіздіктің бір жылдығында жұрт Алашорда мен Желтоқсанды еске алды
1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің бір жылдығы Алашорда автономиясының 75 жылдығымен тұспа-тұс келді. Билік бұл датаны елемеді. Бір жылдық кезінде президент Назарбаев "жаңарған Қазақстан" туралы айтып, даму жоспарынан хабардар етті. Ал Ақмоланы "Ақорда" деп атауды кім ұсынған еді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында сол кезден жеткен дауыстарды тыңдап, 1992 жылғы кейбір оқиғалармен танысуға болады.
Sat, 05 Aug 2023 - 17min - 20 - Президенттің мойындауы. Тәуелсіздіктің бір жылы
Қазақстан өз тәуелсіздігінің бір жылдығын қалай қарсы алды? Совет одағынан ең соңынан бөлініп шыққан мемлекеттің алғашқы қадамдары қандай болды? Назарбаев пен Әбділдин Азаттыққа берген сұхбатында не айтты? "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осы туралы болмақ.
Sat, 29 Jul 2023 - 19min - 19 - "Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар тұрады деу – артық"
Жаңа Конституциядағы тіл мәселесі неге дауға айналды? Қостілділік қайдан шықты? Оны кімдер қолдады, кімдер қарсы болды? Тәуелсіздіктен кейін бір жылдан соң қабылданған жаңа Конституция мемлекеттік тіл дауын шеше алмады. Себебі неде? "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады.
Sat, 22 Jul 2023 - 21min - 18 - Оппозицияны бөлшектеу "қарызға мақтаудан" басталғанSat, 15 Jul 2023 - 19min
- 17 - Тәуелсіздіктен кейін тәуелділік. Назарбаевтың бір жылы
Қазақстанды ұзақ басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы сайлаудан кейінгі қадамдары, тәуелсіздігін кеш жариялаған Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы алғашқы бағыт-бағдар, ядролық қару мәселесінің шешілмеуі, Назарбаевтың Вашингтоннан қайтар жолда Мәскеуге соғуы – "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осыған арналады.
Sat, 08 Jul 2023 - 20min - 16 - Алғашқы жалпыхалықтық сайлауға жалғыз түскен Назарбаевтың Азаттыққа сұхбаты
Қазақстан тәуелсіздігін жарияламас бұрын Азаттыққа берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев не деді? Алғашқы жалпыхалықтық сайлау қарсаңында елдегі саяси ахуал қандай еді? Президенттікке кімдерді ұсынды? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы жөнінде әңгімелейміз.
Sat, 01 Jul 2023 - 22min - 15 - Назарбаевтың Қонаевты кінәлаған сұхбатын басқан журналды кітапханалардан жойғызған кім?
Желтоқсан оқиғасынан кейін мәскеулік басылымға сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхаммед Қонаевқа неге қатты шүйлікті? Сұхбатты жариялаған журнал кейін Қазақстан кітапханаларынан неге жоғалып кетті? "Азаттық радиосы – 70 жыл" подкасында бұл жолы осы сұрақтарға жауап іздедік.
Sat, 24 Jun 2023 - 13min - 14 - Мұстафаның дауысын сақтаған Уәли Қаюм-Хан сұхбатында не айтты?
Азаттық радиосы Мұстафа Шоқай туралы совет пропагандасына қалай қарсы тұрды? Шоқайды "өлтіртті" деген түркістаншы Уәли Қаюм-Хан Азаттыққа ол жайлы не деді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында радионың бұрынғы қызметкерлері осы туралы еске алды. Уәли Қаюм-Хан Мұстафаның жаназасына қатысқан жалғыз түркістандық екенін айтқан.
Sat, 17 Jun 2023 - 11min - 13 - Мұстафа Шоқайдың үні Қазақстанға Азаттық радиосы арқылы жетті
Азаттық Мұстафа Шоқайдың дауысын эфирден қазақ аудиториясына таратып, Қазақстанға да алғаш жеткізген. Радиода сақталған Мұстафа жайлы деректерде не айтылған? "Азаттық радиосы – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
Sat, 10 Jun 2023 - 18min - 12 - Ашаршылықтың 60 жылдығы. Назарбаев бармай қалған шара
Ашаршылыққа 60 жыл толған күннің ертесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайланғанына алты ай болған еді. Бұл 1992 жылғы 31 мамыр болатын. Бірақ Ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына Назарбаев қатыспады. Подкастың бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
Sat, 03 Jun 2023 - 17min - 11 - "Аннексия" және "тарихты бұрмалау". Қазақ ССР-і Ресейге қосылғанының мерейтойын тойлап жатқанда, Азаттық "бодандық" туралы айтты
Қазақстанда "Ресейге өз еркімен қосылудың 250 жылдығы" тойланғанда, Азаттық Ресей аннексиясы туралы сөз қозғады. Азаттық 1981-83 жылдары Қазақстанның Ресей бодандығына өтуі туралы тізбекті хабарларды жиі берген. Онда тарих бұрмаланғаны, коммунистік идеологияға бейімделіп өтірік жазылғаны айтылды.
Sat, 27 May 2023 - 16min - 10 - "Жеңіс емес, Аза күні". Мерекенің мәні және эфирде оқылған Шоқай туралы өлең
"9 мамыр - Құран көтеріп, дұға оқитын күн. Ал соғыстағы боздақтардың өліміне тек фашистік Германия ғана емес, совет генералдары да кінәлі". 90-жылдары Азаттық Екінші дүниежүзілік соғысқа осындай баға беріп, "Түркістан легионы" ақындарының өлеңдерін жариялаған. Бұл эпизодта осы туралы айтамыз.
Sat, 13 May 2023 - 25min - 9 - Хасен Оралтай және Алашорда идеясы
Хасен Оралтайдың Алашорда идеясын зерттеуі және советтік Қазақстанда қазақша басатын жазу машинкасының тапшылығы туралы «Азаттық радиосына 70 жыл» аудиоподкасының бүгінгі эпизодынан бірге тыңдайық.
Sat, 06 May 2023 - 27min - 8 - Назарбаевқа тілек, көзқарасы күрт өзгерген тарихшы және "совет империясының астанасынан" репортаж
1991 жылы 16-17 желтоқсанда қазақтар жас елдің президенті Назарбаевқа тілегін аямаған. Ал Азаттық Ленин туралы мадақ мақала жазып, кейін көзқарасы өзгерген тарихшыны құттықтаған. Мәскеуден репортаж берген тілші Ресей мен басқа республикалар арасында жер үшін талас болуы мүмкін екенін айтқан.
Sat, 29 Apr 2023 - 26min - 7 - Назарбаев: Қазақ республикасындағы барлық жойқын қару өз орнында тұруы керек
1991 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстанда тәуелсіздік туралы ең көп айтылған күн. Осы күні кешкісін АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Алматыға сапарлап келген.
Sat, 22 Apr 2023 - 24min - 6 - Қазақстан тәуелсіздік алған күні Азаттық Назарбаевты неге қатаң сынады?
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесінде Алматының бас алаңына жиналғандар Желтоқсан оқиғасынан гөрі тәуелсіздік пен президент Назарбаев туралы көбірек сөйлеп, құттықтау тілек білдірген. Ал президент өзі жоғары бағалаған жарлығын Азаттық радиосы қатаң сынаған. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды соттаған адамдарды жауапқа тарту жайы қаншама айтылғанымен, әлі күнге заңды түрде қозғалмаған күйі қала берді. Бұл туралы "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасының кезекті эпизодында айтамыз.
Sat, 15 Apr 2023 - 23min - 5 - "Аға, сүйінші! Қазақстан тәуелсіздігін жариялады!" 1991 жылғы 16-17 желтоқсандағы Азаттық эфирі
Қазақстанның тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қалай қабылданды? Оған қанша депутат қарсы дауыс берді? Азаттық радиосының 1991 жылғы 16 -17 желтоқсандағы эфирінде тәуелсіздік тақырыбы ерекше айтылды. "Азаттық – 70" подкасының 4-эпизодында сол хабарларға шолу жасалады. Бірге тыңдайық!
Sat, 08 Apr 2023 - 18min - 4 - Желтоқсанның 5 жылдығында Назарбаевтың риторикасы өзгерді
Желтоқсан кезінде Қазақ ССР министрлер кеңесін басқарған Назарбаев арада бес жыл өтіп, Қазақстан тәуелсіздік жариялаған күні не деді? Оның риторикасы қалай құбылды? Осының барлығы Азаттық архивінде аудио және фото күйінде қатталған. Қызық болса, "Азаттық – 70" подкасының 3-эпизодын тыңдаңыз.
Sat, 01 Apr 2023 - 27min - 3 - "Сол күні Батыс ақпарат құралдарындағы басты хабар Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы болды"
Азаттық радиосы үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы маңызды тақырыптардың бірі болды. Әсіресе оқиғадан кейінгі бес жыл ішінде Азаттық радиосы бұл тақырыпты жан-жақты қырынан талдауға тырысты. Оқиға туралы алғашқы хабар эфирге қалай берілді? Желтоқсан оқиғасының Азаттықтағы көрінісі қандай болды?
Sat, 25 Mar 2023 - 29min - 2 - Азаттық радиосы қалай құрылды?
Бүгін – Азаттық радиосының алғашқы хабары эфирге шыққан күн. "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасында апта сайын Азаттықтың тарихына саяхат жасаймыз. Қазақстанда және дүниежүзінде болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдаймыз. Алғашқы хабар тақырыбы: Азаттық радиосы қалай құрылды?
Sat, 18 Mar 2023 - 20min - 1 - "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасын тыңдаңыз
Сананың азаттығы. Құқық үстемдігі. Эмиграциядағы журналистика. 70 жылда Азаттық өткерген тарих пен атқарған миссия қандай? Бұл туралы "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасынан тыңдаңыз. Онда Азаттық туралы Азаттықтың өзі айтады. Жақында барлық платформаларда подкастың алғашқы эпизоды жарияланады.
Mon, 13 Mar 2023 - 01min
Podcasts similar to Азаттық толқынында
Tynu40k Goblina Dmitry "Goblin" Puchkov
The Dublin Economy Podcast Dublin Economic Monitor
Эхо Москвы Feed Master by Umputun
Cosmo 2050 Giornale Radio
The News Agents Global
Learn Japanese With BIZARRE stories-Nihongo con Teppei Learn Japanese With BIZARRE stories
ВИВАТ, ИСТОРИЯ! MOTORADIO.ONLINE
Радио Свобода RFE/RL
Radio Insider The Insider
Точка Александр Плющев
Аудиокниги и рассказы Богданов Николай Александрович
Рассказы из Русской Истории Владимир Мединский
ЕвроХит Топ 40 Европа Плюс Official - новинки песен Европа Плюс
Живой Гвоздь Живой Гвоздь
Китайский язык с Buyilehu Китайский язык с Buyilehu
ФЕЙГИН LIVE Марк Фейгин
Что случилось Медуза / Meduza
C H I L L Пожалуй, самая красивая музыка на свете!
Популярная политика Популярная политика
Пятница, вечер! Радио Sputnik
Бовт и Панкин Радио «Комсомольская правда»
Военное ревю. Говорит полковник Радио «Комсомольская правда»
Что будет Радио «Комсомольская правда»
Сергей Стиллавин и его друзья Радио "Маяк"
